Бап. Сапасыз құрылыс

Бап. Сапасыз құрылыс

1. Құрылыс ұйымдары басшыларының, жұмыс жүргiзушiлердiң және құрылыстың сапасын бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың сапасыз салынған, аяқталмаған немесе шарттың және жобалау құжаттамасының талаптарына сәйкес келмейтiн ғимараттар мен құрылыстарды, автомобиль жолдарын, тоннельдердi, электр станцияларын, тұрғын үйлердi немесе өзге де құрылыс объектiлерiн пайдалануға тапсыруы және (немесе) пайдалануға қабылдауы, сол сияқты оларды сапасыз жөндеуi, егер бұл абайсызда адам денсаулығына ауыр немесе орташа ауыр зиян келтiруге әкеп соқса, -
бес жүзден бiр мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға Бап. Сапасыз құрылыс, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз, нақ сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Абайсызда кiсi өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан нақ сол әрекеттер, -
мүлкi тәркiленiп, үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз, бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға Бап. Сапасыз құрылыс жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соқтырған әрекеттер, -
мүлкi тәркiленiп, үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз, үш жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Кодекс 245-1-баппен толықтырылды - ҚР 2007.01.08. N 210 Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн к Бап. Сапасыз құрылысүнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.


documentageruuj.html
documentagescer.html
documentagesjoz.html
documentagesqzh.html
documentagesyjp.html
Документ Бап. Сапасыз құрылыс